Екінші орта салмақта WBA белбеуіне міндетті қарсылас атанған қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) АҚШ-тың Сан-Диего қаласына ұшып келіп осы салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) жаттыға бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Боксшылар бір залда жаттығу жұмыстарын өткізуде. Еске салайық, Ербосынұлы WBA белбеуінің иегері кубалық Давид Моррелге (6-0, 5 КО) қарсы жекпе-жекке дайындалса, "Канело" ресейлік Дмитрий Биволмен (19-0, 11 КО) кездесуге дайындалуда. Айдоспен бірге АҚШ жеріне дайындық өткізуге тағы бес қазақстандық бокс кеткен.
Ербосынұлы бұған дейін алдағы айқасына Алматы, Шымкент және Мәскеуде (Ресей) дайындалған еді. Ал оның жекпе-жектерін Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырады.