Бокс
Кеше 15:24

Қазақ боксшы жүлде үшін жекпе-жекте қарсыласын талдыра жаздады

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Қыстаубай Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол тәжікстандық Жахонгир Рузибоевпен кездесті.

Жекпе-жек алғашқы раундта-ақ аяқталды. Рузибоев екі рет нокдаунға түскеннен кейін, төреші кездесуді тоқтату туралы шешім қабылдады.


Нәтижесінде Нұрсұлтан Қыстаубай техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Осылай, қазақ боксшы кемі қола жүлдеге жетіп отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport