Қазақстандық боксшы Даниал Сабит Болгарияда өтіп жатқан халықаралық әСтранджа кубогіә - 2026 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/4 финалында ол түркиялық Улас Ялчинкаямен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы айқын басымдық танытты.
Үшінші раундта қарсыласы жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады. Осылайша, Даниал Сабит мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, турнирдің кемінде қола жүлдесіне ие болуын қамтамасыз етті.
Енді ол финал жолдамасы үшін жартылай финалда шаршы алаңға шығады.
Жарнама