Қазақ боксшы жеңілмеген қарсыласын нокаутқа түсіріп әлем чемпионы атанды

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев (20-1, 10 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымы (UBO) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін айқаста жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz.

Ақтауда өткен бокс кешінің басты айқасында Сойлыбаев осыған дейін жеңіліп көрмеген Абеид Зугомен (15-0, 13 КО) жұдырықтасты. Бұл айқаста UBO World чемпионы атағы сарапқа салынды.
12 раундқа есептелген кездесу үшіншісінде аяқталды, Бекман қарсыласын нокаутқа түсірді.
Осылайша, Бекман карьерасында жиырмасыншы жеңісіне жетіп, бос болған белбеуді иеленді. Ал Зуго кәсіпқойда алғаш рет жеңілді.
Жарнама