Бокс
Кеше 09:43

Қазақ боксшы Испанияда қарсыласын екінші раундта нокдаунға түсірді

©ҚФБ

Қазақстандық боксшы Бексұлтан Боранбек Испанияда өтіп жатқан Boxam Elite–2026 турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлайды.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол шотландиялық Куллем Аарон Эндрюмен кездесті. Жекпе-жек толықтай қазақстандық боксшының басымдығымен өтіп, Боранбек барлық үш раундта жеңіске жетті - 4:1, 5:0 және 3:2. Екінші раундта Бексұлтан қарсыласын нокдаунға түсірді.

Айта кетейік, бұған дейін өткен жекпе-жектерде Рахмина Абдумежеитова испаниялық Ноэлия Сальмерон Гутьеррестен, ал Азиза Исина үндістандық Чордари Андуиатиден жеңіліп, турнирдегі өнерін аяқтады. Ал Нұрзат Оңғаров канадалық Рок Иссайяны жеңіп, келесі кезеңге өтті. Сондай-ақ, Санжар Ташкенбай мен Махмұт Сабырхан да өз жекпе-жектерінде жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport