Қазақ боксшы Ханчжоудағы алғашқы айқаста АЧ-нің екі дүркін жүлдегерін жеңді
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандықтың қатысуымен алғашқы бокс жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандықтың қатысуымен алғашқы бокс жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
63,5 келіге дейінгі салмақтың 1/16 финалында Ертуған Зейнуллинов иорданиялық Обада Алкасбехпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Оылайша, 1/8 финалға өткен Зейнуллиновтің келесі қарсыласы тәжікстандық Баходур Усмонов болады.
Айта кетейік, Алкасбех Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері: 2023 және 2019 жылдары ол күміс жеңіп алған еді. Сонымен қоса, иорданиялық боксшы 2014 жылы Азия ойындарының қола жүлдесін иеленген.
Жарнама