Бокс
26 наурыз 2024 09:56

Қазақ боксшы халықаралық турнирде өзбекстандық Джалоловты жеңді

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Бекзат Таңатар Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан "Ұлы жібек жолы" халықаралық турнирінде бірінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады Vesti.kz. 

Турнирдің ширек финалында 86 келіде өнер көрсететін Бекзат өзбекстандық Самандар Джалоловпен жұдырықтасып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті. Үшінші раундта төреші өзбек боксшыдан екі ұпай және қазақстандықтан бір ұпай шегергеннін айта кетейік. 

Осылайша, қазақ боксшы жарыстың жартылай финалына өтті. 

Бұған дейін бұл турнирдің жартылай финалына төрт қазақтандық боксшы жеткен: Талғат Сырымбетов (60 кг), Дархан Дүйсебай (71 кг), Сағындык Тоғамбай (92 кг) және Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport