Қазақ боксшы халықаралық турнирде Италия чемпионын нокаутқа түсірді

©instagram.com/tankay_yerassyl/

Қазақстандық боксшы Ерасыл Танкай Софияда өтіп жатқан Странджа кубогі атты халықаралық турнирде бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

60 келіде өнер көрсететін қазақ боксшының қарсыласы италиялық Даниэле Салерно болды. Үшінші раундта төреші Солерноға нокдаун есептеді, ал одан кейін жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаут тіркеді. 

Айта кетейік, италиялық боксшы жасөспірімдер арасында елінің ұлттық чемпионатын төрт рет, жастар арасында екі рет және ересектер арасында да жеңімпаз болған. 

Қазақстан бұл жарысқа 12 салмақта боксшы әкелді, бүгін рингке құрамамыздың бес өкілі шығады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар