Бокс
10 маусым 10:18
 

Қазақ боксшы халықаралық турнир алтынын алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшы халықаралық турнир алтынын алды ©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Ерасыл Жәкпеков Нидерландта өткен халықаралық Eindhoven Box Cup турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Ерасыл Жәкпеков Нидерландта өткен халықаралық Eindhoven Box Cup турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жекте Ерасыл украиналық Артур Касьяновты анық жеңді. Төрешілер жеңісті бірауыздан 5:0 есебімен Жәкпековке берді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Нидерландтағы турнирде үшінші алтын жеңіп алды. Бұған дейін Даниял Сабит (50 кг) пен Абылайхан Жүсіпов (70 кг) жеңімпаз атанған болатын.

Сабит моңғолиялық қарсыласын ұтса, Жүсіпов 2023 жылғы әлем чемпионы және 2024 жылғы Олимпиада жеңімпазы өзбекстандық Асадхужа Муйдинходжаевты мерзімінен бұрын жеңді.

Айта кетейік, Eindhoven Box Cup – әуесқой бокста Еуропаның ең беделді турнирлерінің бірі. Қазақстандық спортшылар үшін бұл жарыс Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңдері мен басқа да ірі халықаралық жарыстарға дайындықтың маңызды бөлігі болып саналады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!