Бокс
2 сәуір 09:52

Қазақ боксшы финалға шығу үшін Джалоловтың ізбасарымен бетпе-бет келеді

©Olamsport.com

Қазақстандық боксшы Даниял Сапарбай Бразилиядағы Әлем кубогінде жартылай финалға жолдама үшін жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

90 келідегі 1/4 финалда ол үндістандық Нарендермен жекпе-жекке шықты. Бұл айқаста қазақ боксшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті - 3:2.

Енді 1/2 жартылай финалда Даниял өзбекстандық Жахонгир Закировпен кездеседі. Зокировті екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалоловтың ізбасары деп атайтынын айта кетейік.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы сапынан екі боксшымыз жарыстан шығып қалды: ол Талғат Сырымбетов (60 кг) және бұрымдылардан Анита Адишева (54 кг).

Ал Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг) ширек финалға өтті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport