Қазақстандық боксшы Нұрислам Бақтыбаев Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан U15 және U17 жас санаттарындағы бокстан Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық боксшы ринг қожайыны өзбекстандық Бобурмирзо Муродовпен қолғап түйістірді.
Бақтыбаев алғашқы раундтардан бастап айқасты толық бақылауына алып, қарсыласына мүмкіндік берген жоқ. Жекпе-жек қорытындысы бойынша барлық төреші жеңісті қазақстандық боксшыға берді - 5:0.
Осылайша, Нұрислам Бақтыбаев Азия чемпионы атанса, Бобурмирзо Муродов турнирді күміс жүлдемен аяқтады.
Жарнама