Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Таиланд астанасы Бангкокта өткен беделді халықаралық Thailand Open-2025 турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қарсыласына еш мүмкіндік бермеді70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен шешуші жекпе-жекте Сабырхан Өзбекстан боксшысы Мұхаммадазизбек Исмоиловпен кездесті. Жекпе-жек нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) сенімді жеңіске жетті.
Осылайша, Төрехан Сабырхан алтын жүлдені жеңіп алды, ал қарсыласы күміс жүлдегер атанды.
Еске салсақ, Төрехан — жастар арасында Азияның төрт дүркін чемпионы. Бұл оны құрлықтық бокстың тарихындағы бірегей спортшы етіп отыр. Сонымен қатар, ол 2025 жылдың сәуір айында кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін де сәтті өткізген болатын.