Бүгін, 20 қарашада қазақстандық боксшы Сұлтанбек Айбарұлы World Boxing ұйымдастырған 2025 жылғы Әлем Кубогінің алтыны үшін өзбек боксшымен финалда айқасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
85 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Айбарұлы өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен айқасқа түсті.
Бірінші раундты Сұлтанбек айқын басымдықпен алды - 5:0. Екінші раундта жағдай қатты өзгерген жоқ, төрешілер бұл үш минуттықты да 4:1 есебімен қазақ боксшыға берді. Ал үшіншісінде Айбарұлы тағы да басым болып, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.
Осылай, Сұлтанбек турнирдің жеңімпазы атанып, Қазақстан қоржынына жалғыз алтынды салды. Ал Юлдашев күміс жүлдегер атанды.