Қазақстандық боксшы Темірлан Мұқатаев Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 2026 жылғы Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында қазақстандық былғары қолғап шебері жарыс қожайыны, индонезиялық Рико Праёгимен кездесті.
Темірлан Мұқатаев жекпе-жекті толық бақылауында ұстап, екінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, турнирдің шешуші кезеңіне өтті.
Осылайша, қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалында алтын медаль үшін сынға түседі.
Құрлық біріншілігінің финалында Темірлан Мұқатаев Өзбекстан өкілі Норбек Абдуллаевпен кездеседі. Ол жартылай финалда қырғызстандық Мұхаммадазиз Закировты нокаутпен жеңген болатын.
Жарнама