Қазақ боксшы екі жылдық үзілістен кейінгі айқасында жеңіске жетті
©Russian Boxing Federation
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхайыр Шегалиев (8-1-1, 4 КО) екі жылдық үзілістен кейін рингке қайта оралды.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхайыр Шегалиев (8-1-1, 4 КО) екі жылдық үзілістен кейін рингке қайта оралды.
Мәскеуде өткен бокс кешінде ол ресейлік Анатолий Богомоловпен (1-5-1) жұдырықтасты. Орта салмқатағы жекпе-жек алты раундқа есептеліп, толықтай өтті. Бұл кездесуде төрешілер жеңісті бір ауыздан қазақстандық боксшыға берді.
Осылайша, Шегалиев кәсіпқойда тоғызыншы жеңісіне жетті, ал Богомолов алтыншы рет жеңілді.
Еске салайық, Шегалиев бұған дейінгі айқасын 2022 жылы 20 қыркүйек Мәскеуде өткізген болатын. Ол кезде Әбілхайыр ресейлік Андрей Сироткинге (21-2-1, 7 КО) есе жіберген еді.
Жарнама