Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (14-0, 10 KO) испаниялық Джон Картерді (15-1-1, 7 КО) нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек өткен демалыс Шотландия астанасы Эдинбургте болды. Сұлтан қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Бұл оның Шотландиядағы алғашқы айқасы болды.
Қазақ боксшыда WBO European белбеуі бар, ал қарсыласы EBU European Union титулына ие болған және Испания чемпионы атанған еді.