1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
12 наурыз 15:11
 

Қазақ боксшы беделді турнирде қарсыласын бір-ақ минутта нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшы беделді турнирде қарсыласын бір-ақ минутта нокаутқа түсірді ©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Бейбарыс Әшірбай World Boxing ұйымы Бангкок қаласында (Таиланд) өткізіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Бейбарыс Әшірбай World Boxing ұйымы Бангкок қаласында (Таиланд) өткізіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда Бейбарыс Әшірбай Оңтүстік Корея боксшысы Джунхюй Юмен жұдырықтасты.

Жекпе-жек басталғаннан кейін алғашқы минуттың өзінде қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Осыдан кейін төреші кездесуді тоқтатып, Қазақстан боксшысы жеңіске жетті.

Осылайша, Бейбарыс Әшірбай турнирдің ширек финалына жолдама алды.


Айта кетейік, Futures Cup U-19 турнирі тарихта алғаш рет өткізіліп отыр. Жарыстың финалдық жекпе-жектері 15 наурызға жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!