Бокс
12 наурыз 09:32

Қазақ боксшы беделді жарыста екінші қарсыласын нокаутқа түсірді

©

Қазақстандық боксшы Арман Мірсәбит World Boxing ұйымы Бангкок қаласында (Таиланд) өткізіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/8 финалда 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Арман Түрікменстан боксшысы Абдырахим Овезгулыевпен кездесті.

Қазақстандық боксшы жекпе-жекті өте сенімді бастады. Бірінші раундтың өзінде ол қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді. Осыдан кейін төреші кездесуді тоқтатып, Мірсәбит мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл Арман Мірсәбит үшін турнирдегі екінші мерзімінен бұрын жеңіс болды. Бұған дейін ол грузиялық боксшы Шалва Беридземен жекпе-жекті де уақытынан бұрын аяқтаған.

Осылайша, қазақстандық спортшы ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Futures Cup U-19 турнирі тарихта алғаш рет өткізіліп отыр. Жарыстың финалдық жекпе-жектері 15 наурызға жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін ауыр салмақтағы қазақстандық бкосшы осы жарыста қарсыласын нокаутпен жеңген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport