Бокс
10 қараша 2022 18:43

Қазақ боксшы Азия чемпионатында өзбек қарсыласын жеңді

©Видеодан кадр

Бокстан Қазақстан чемпионы Дулат Бекбауов Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

67 келі салмақтың жартылай финалында жерлесіміз өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаевпен қолғап түйістірді. Төрешілер шешімімен Бекбауов жеңіске жетті.

Еске салайық, Дулаттан бөлек, сары құрлықтың ақтық сынына Махмұт Сабырхан (54 келі), Санжар Тәшкенбай (48 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Гүлсая Ержан (81 келі) жолдама алды.

Қола жүлдегер атанған спортшыларымыздың ішінде Саматәлі Төлтаев (60 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Мадина Нұршаева (66 келі), Дариға Шәкімова (70 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81) бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport