Бокс
Бүгін 13:23

Қазақ боксшы Азия чемпионатында қытайлық қарсыласын таза жеңді

©

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнулинов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы бірінші айқаста жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында ол Қытай Тайбэйінен келген Ю Линмен жұдырықтасып, 5:0 есебімен таза жеңіске жетті.

Осылайша, Зейнуллинов турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Айта кетейік, Ертуған Зейнулинов - 2025 жылғы "Странджа кубогының" жеңімпазы және IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport