Бокс
Кеше 11:38

Қазақ боксшы Азия чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсірді

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Әділ Асканбай Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 2026 жылғы Азия чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы турнирдің үшінші жарыс күніндегі күндізгі бағдарламаны ашты. Оның қарсыласы тәжікстандық Азамджон Хасанов болды.

Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Екінші раундта Әділ Асканбай техникалық нокаутпен айқын жеңіске жетіп, Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Джакартадағы құрлық додасы

19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 2026 жылғы Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінде 39 боксшымен өнер көрсетуде. Олар ерлер мен әйелдер арасындағы 19 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі жас санаттарында бақ сынайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport