Қазақстандық боксшы Бибарыс Әшірбай Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Futures Cup U-19 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол америкалық Асанте Ламармен кездесті.
Жекпе-жек тартысты өтіп, төрешілер бөлек шешімімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді - 29:28, 29:28, 27:30, 28:29, 29:28.
Осылайша, Бибарыс Әшірбай турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге жетті.
Айта кетейік, 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Futures Cup U-19 турнирі биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстан бұл жарысқа 19 спортшыны алып барған.
Турнир 15 наурызға дейін жалғасады.
Жарнама