Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогінің жартылай финалына шықты.
Жерлесіміз 90 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында америкалық Малакай Джорджеспен қолғап түйістірді.
Тартысқа толы жекпе-жектің бірінші бөлімінде АҚШ өкілі басым түсті. Алайда, қалған екі раундта Сағындық Тоғамбай жекпе-жек барысын бұрып жіберіп, басымдығын дәлелдей алды.
Осылайша, Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) кемі қола жүлдеге жетіп отыр.
Жарнама