Бокс
Бүгін 09:45

Қазақ боксшы алтын үшін айқаста өзбек қарсыласын есеңгіретті

©ҚБФ

Қазақстан құрамасының боксшысы Хамза Мақсатұлы Бангкокта (Таиланд) өткен Futures Cup U-19 халықаралық турнирінің алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Өзбекстан боксшысы Сухроб Рахматуллаевты 4:1 есебімен жеңді. Жекпе-жектің бірінші раундында Хамза өзбекстандық қарсыласын нокдаунға түсірді.

Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің алтынын иеленді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport