Қазақстан құрамасының боксшысы Хамза Мақсатұлы Бангкокта (Таиланд) өткен Futures Cup U-19 халықаралық турнирінің алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Өзбекстан боксшысы Сухроб Рахматуллаевты 4:1 есебімен жеңді. Жекпе-жектің бірінші раундында Хамза өзбекстандық қарсыласын нокдаунға түсірді.
Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің алтынын иеленді.
Жарнама