1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
2 наурыз 09:33
 

Қазақ боксшы алтын үшін айқаста қарсыласын қыспаққа алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшы алтын үшін айқаста қарсыласын қыспаққа алды ©

Қазақстан құрамасының боксшысы Даниял Сәбит Софияда (Болгария) өткен халықаралық "Странджа кубогі" - 2026 турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасының боксшысы Даниял Сәбит Софияда (Болгария) өткен халықаралық "Странджа кубогі" - 2026 турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің шешуші айқасында ол Әзәрбайжан боксшысы Билалхабаши Назаровпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бөлінген шешімімен Сабиттің пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, екі боксшы да ашық айқастан қашпай, жоғары қарқында жұдырықтасты. Дегенмен Даниял қарсыласын көбірек қыспаққа алып, белсенді прессинг көрсетті. Бұл төрешілердің хаттамаларында айқын көрініс тапты.

Осылайша, қазақстандық спортшы турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!