Бокс
10 маусым 10:24
 

Қазақ боксшы алтын үшін айқаста қарсыласын есеңгіретіп жіберді

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшы алтын үшін айқаста қарсыласын есеңгіретіп жіберді ©World Boxing

Қазақстандық боксшы Дәулет Төлемісов Нидерландта өткен халықаралық Eindhoven Box Cup турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Дәулет Төлемісов Нидерландта өткен халықаралық Eindhoven Box Cup турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қарсыласын нокдаунға түсірді

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдда Дәулет украиналық Николай Лактионовпен кездесіп, төрешілердің шешімімен таза жеңді - 5:0.

Екінші раундта Дәулет қарсыласын нокдаунға түсіргенін айта кетейік. Осылай Төлемісов алтын жүлдені жеңіп алды. 

Бұған дейін жеңіске жеткен қазақстандықтар:

– Даниял Сабит (50 кг) – моңғолиялық қарсыласын жеңді;
– Абылайхан Жүсіпов (70 кг) – 2023 жылғы әлем чемпионы және 2024 жылғы Олимпиада жеңімпазы өзбекстандық Асадхужа Муйдинходжаевты мерзімінен бұрын ұтты;
– Ерасыл Жақпеков (80 кг) – украиналық Артур Касьяновты айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, Eindhoven Box Cup – әуесқой бокста Еуропадағы ең беделді турнирлердің бірі. Қазақстандық спортшылар үшін бұл жарыс Олимпиада ойындарының іріктеу турнирлері мен басқа да халықаралық додаларға дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!