Бокс
12 қазан 2021 14:51
 

Қазақ боксшы алғашқы жеңілістен кейін карьерасын аяқтау туралы ойлануда

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшы алғашқы жеңілістен кейін карьерасын аяқтау туралы ойлануда ©instagram.com/madiyar.ashkeyev.official/

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-1, 7КО) неге ұзақ уақыт рингке шықпағанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-1, 7КО) неге ұзақ уақыт рингке шықпағанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мадияр рингке кейінгі рет былтыр желтоқсанда шығып, америкалық Чарльз Конуэллге (16-0, 12 КО) есе жіберіп, титулынан айырылып қалған еді. Бұл оның карьерасындағы алғашқы жеңілісі болды.

Әшкеевтің сөзінше, ол рингке денсаулық пен қаржылай қиындықтарға байланысты шыға алмай жүр. Сонымен бірге, боксшы карьерасын аяқтауды ойлап жүргенге ұқсайды.

"Ассалаумағалейкум ағайын. Біраз оқырмандарымның сұрағы қашан бой???? Алланың қалауымен соңғы жекпе-жекте көзден жарақат алдым, емделу үстіндемін, Алла нәсіп етсе шығып қалармыз әрине “спонсор” ??болса. Кәсіпқой боксты түсінетін адамдар біледі ғой демеушің болмаса далада қаласың, бірақ Аллаға үшкір өз кәсібімді бастап кеттім, болашаққа жоспар көп Алла нәсіп етсе біраз Қазақстандықтарға көмегімді беремін, Қазақ боксшылары да шетте қалмайды. Менеджерлік көмектен аянбаймын, “Алға Қазақстан". Бәріне сұрақ: боксты жалғастырайын ба әлде болды ма?", - деп жазыпты Әшкеев Instagram желісінде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!