Қазақстан құрамасының өкілі Айбек Оралбай World Boxing нұсқасы бойынша үздік боксшылар рейтингіндегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Рейтингте Өзбекстан өкілдері жоғары тұр - жеңіл салмақтағы Абдумалик Халоков (60 кг) пен жартылай орта салмақтағы Асадхужа Муйдинхужаев (65 кг) көш бастап тұр. Екеуі де 2125 ұпай жинаған.
Үздік бестіктегі жалғыз өзгеріс аса ауыр салмақта (+90 кг) тіркелді. 2025 жылғы әлем чемпионы Айбек Оралбай 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, кубалық Эрисланди Альварестен озып, үшінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, рейтингтің алғашқы екі сатысын екі боксшы бөліссе, бесінші орынға бірден бес спортшы жайғасқан.
2026 жылдың басындағы үздік боксшылар рейтингі:Абдумалик Халоков (60 кг, Өзбекстан) — 2125 ұпай
Асадхужа Муйдинхужаев (65 кг, Өзбекстан) — 2125
Айбек Оралбай (+90 кг, Қазақстан) — 1487.5
Эрисланди Альварес (65 кг, Куба) — 1450
Санжар Тәшкенбай (50 кг, Қазақстан) — 1237.5
Махмұт Сабырхан (55 кг, Қазақстан) — 1237.5
Фазлиддин Эркинбоев (75 кг, Өзбекстан) — 1237.5
Жавохир Умматалиев (80 кг, Өзбекстан) — 1237.5
Турабек Хабибуллаев (90 кг, Өзбекстан) — 1237.5
World Boxing — әуесқой боксты реттейтін халықаралық ұйым. Ол Халықаралық Олимпиада комитеті мен IBA (бұрынғы AIBA) арасындағы келіспеушіліктерден кейін құрылып, боксты Олимпиадалық спорт түрі ретінде сақтауды мақсат етеді. Ұйым президенті қазақстандық Геннадий Головкин.