| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
15 маусым 15:40
 

Қазақ боксшы Әлем кубогінде қытай қарсыласын таза сабады

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшы Әлем кубогінде қытай қарсыласын таза сабады ©

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандықтың қарсыласы Қытай өкілі Ван Сяобао болды. Кездесу толық үш раундқа созылып, Аққалықовтың айқын басымдығымен аяқталды.

Төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді – 5:0.

Осылайша, Сабыржан турнирдің келесі кезеңіне жолдама алып, жарысты жалғастыру мүмкіндігін сақтап қалды. Ал оның қарсыласы жарыс жолын аяқтады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасына алғашқы жеңісті Серік Теміржанов сыйлаған болатын. Сондай-ақ, Нұрбек Оралбай қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, ширек финал жолдама алды.

Айта кетейік, World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңі 15-21 маусым аралығында Гуйян қаласында өтіп жатыр. Додаға әлемнің 44 елінен 333 спортшы қатысуда.

Еске салсақ, Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен алғашқы кезеңде Қазақстан құрамасы жеті жүлде жеңіп алған еді. Оның үшеуі алтын, біреуі күміс және үшеуі қола жүлде болды.

Сабыржан Аққалықовтың өзі де халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшылардың бірі саналады. Ол 2025 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, 2026 жылғы Азия чемпионы және 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!