Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Теміржанов аустралиялық Джейкоб Касcармен кездесті. Бірінші раундта Теміржанов айқын басымдық танытып, барлық бес төрешіні мойындатты - 5:0. Екінші раундта төрешілердің шешімі бөлінді - 3:2, бұл кезең Кассардың пайдасына жазылды. Үшінші раундта да аустралиялық аздаған басымдық көрсетті - 3:2.
Алайда жалпы есеп бойынша Серік Теміржанов 4:1 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Серік Теміржанов - 2021 жылғы әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Айта кетейік, бүгін, 1 шілдеде Қазақстан құрамасынан тағы бір боксшы Айбек Оралбай рингке шығады. Ол 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Доминикан Республикасының боксшысы Хосе Агустин Трисетпен кездеседі.
Жарнама