Бокс
20 қараша 09:15

Қазақ боксшы Әлем кубогінде қарсыласын есеңгіретіп финалға өтті

©ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Сұлтанбек Айбарұлы World Boxing аясында Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан 2025 жылғы Әлем кубогінде жартылай финалдық айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

85 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақ боксшының қарсыласы кореялық Дэхун Ким болды.

Бірінші раундта-ақ Айбарулы қарсыласын ауыр соққымен есеңгіретіп тастады – төреші есеп ашуға мәжбүр болды. Соған қарамастан, Ким кездесуді жалғастырды, бірақ, раундты 5:0 есебімен беріп қойды.

Екінші үш минутта да қазақстандық боксшы басым болып, дәл соққылар саны бойынша оңтүстіккореялық спортшыдан айқын басым болды. Үшінші раундта Сұлтанбекке финалға жолдама алу үшін тек мерзімінен бұрын жеңілмей тұру жеткілікті еді – Айбарұлы мүлт кетпеді.

Осылайша, қазақстандық боксшы финалға өтіп, алтын жүлде үшін айқасады, ал Дэхун Ким турнирді қола жүлдегер ретінде аяқтайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport