Токио Олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосынов Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатындағы бірінші жеңісінен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
51 келіде өнер көрсететін Бибосынов бірінші айқасында-ақ 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбой Дусматовты жеңіп, сенсация жасады.
"Бұл әлем чемпионатына барынша дайындалдым. Олимпиададағы қола үшін есе қайтарғым келетінін білесіздер. Мұнда алтын үшін келдім! Бапкерлерге алғыс білдіремін, олардың қойып берген тактикасы менің жеңуіме көмектесті", - дейді Сәкен жекпе-жектен кейін.