Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
90 келі салмақтағы 1/8 финал кезеңінде ол Иирландиялық Джек Майкл Марлимен жұдырықтасты.
Бірінші раундта төрешілердің шешімімен басымдық Тоғамбайға берілді – 4:1. Екінші үш минуттықта да қазақстандық боксшы 3:2 есебімен алда болды. Үшінші раунд ирландиялық спортшының пайдасына аяқталса да – 3:2, жекпе-жек нәтижесінде Сағындық төрешілердің басым дауысымен жеңіске жетті – 4:1.
Айта кетейік, жарыстың 1/16 финалында Тоғамбай Ұлыбританиялық Айзек Оконы жеңген еді.