Бокс
8 қыркүйек 09:55

Қазақ боксшы әлем чемпионатында жеңіліп жатып намысты қолдан бермеді

©Сали Сабиров

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

60 келідегі өнер көрсететін Ертуғанның қарсыласы франциялық Уго Грау болды.

Бірінші раунд өте тартысты өтіп, төрешілер 3:2 есебімен басымдықты франциялыққа берді. Екінші үш минуттықтағы жеңіс дәл сондай есеппен қазақстандық боксшыға берілді. Осылайша, жекпе-жектің шешуші үшінші раундында жеңімпаз атанған Зейнуллинов жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды.

Ал Уго Грау жарыстан шығып кетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport