Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келідегі өнер көрсететін Ертуғанның қарсыласы франциялық Уго Грау болды.
Бірінші раунд өте тартысты өтіп, төрешілер 3:2 есебімен басымдықты франциялыққа берді. Екінші үш минуттықтағы жеңіс дәл сондай есеппен қазақстандық боксшыға берілді. Осылайша, жекпе-жектің шешуші үшінші раундында жеңімпаз атанған Зейнуллинов жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды.
Ал Уго Грау жарыстан шығып кетті.
Жарнама