Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан 19 және 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
70 келіге дейінгі салмақта Нұрбек филиппиндік Брэндон Джей Сорианамен жұдырықтасты. Екі боксшы да 22 жасқа дейінгі санатта өнер көрсетті.
Бірінші раундта төрешілердің бөлек шешімімен (3:2) қазақстандық боксшы басым болды. Екінші раундты Мұрсал басымдығын арттырып, төрешілердің ортақ шешімімен алды.
Ақыры бұл айқаста жеңімпаз Нұрбек болды. Осылайша, жартылай финалға өткен Нұрбек Мұрсал кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр.
Еске салайық, бұған дейін құрлықтық турнир жүлдесі үшін өткен Қазақстан боксшысынң жекпе-жегінде нокдаун тіркелген болатын. Сонымен қатар, Қытайдан келген қандасымыз Қазақстан құрамасын бір жүлдеден айырды. Ал Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы жекпе-жекте Азия чемпионаты жүлдесінің тағдыры шешілді. Тағы бір жүлдеге Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы кездесуде қол жетті.