Бокс
11 тамыз 13:13

Қазақ боксшы АЧ финалындағы өзбекпен айқаста камбэк жасады

©ҚБФ

Қазақстандық Нұрислам Қалдыбаев Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы бокстан  Азия чемпионатында алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

60 келіге дейінгі салмақтағы финалда Қалдыбаев өзбекстандық Шохрух Абдумаликовты 3:2 есебімен жеңді.

Бірінші раунд Абдумаликовтың пайдасына аяқталғанымен, Нұрислам келесі екі раундта басымдық танытып, камбэк арқасында Азия чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport