Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Ұлан-Батырда өткен бокстан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда оның қарсыласы Өзбекстан өкілі Жавохир Абдурахимов болды.
Жекпе-жектің барлық үш раунды қазақстандық боксшының басымдығымен өтті – 4:1, 5:0, 5:0.
Қорытындысында Сабыржан Аққалықов төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен (5:0) таза жеңіске жетті.
Жарнама