Қазақстандық боксшы Расул Асанханов Коломбо қаласында (Шри-Ланка) өтіп жатқан жастар мен 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
92 келіге дейінгі салмақтағы қазақ боксшы финалында ауғанстандық Оман Хотакты жеңді. Асанханов жекпе-жекті екінші раундта-ақ аяқтады, оның үстіне қарсыласын бірінші раундта-ақ нокдаунға түсірген болатын.