Қазақстандық боксшы Сабыржан Сағым Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі финалда Сабыржан Сағым ирандық Мұхаммедясин Заирден басым түсті.
Осылайша, қазақстандық спортшы U-17 санатындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.