Өзбекстандық боксшы Жахонгир Зокиров Ливерпуль (Англия) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
+90 келі салмақ дәрежесіндегі ширек финалдық жекпе-жекте Зокиров Норвегия боксшысы Омар Шинаны 5:0 есебімен жеңді. Айта кетейік, Жахонгирді көпшілік өзбекстандық танымал боксшы Баходир Жалоловтың ізбасары ретінде атап жүр.
Финалға жолдама үшін ол Қытай елінің атынан өнер көрсетіп жатқан этникалық қазақ Данабек Байқоныспен кездеседі. Данабек 1/4 финалда италиялық Диего Ленциді 4:1 есебімен жеңген болатын.
Олардың жекпе-жегі 12 қыркүйекке жоспарланған.