Бокс
Бүгін 09:35

Қазақ боксшы АЧ финалы үшін айқаста қарсыласын нокаутқа түсірді

©Depositphotos/DmitryNiko

Қазақстандық боксшы Әмір Мұхит Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына оңай өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

U17 жас санатындағы 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында қазақстандық боксшы Түрікменстан өкілі Избирмухаммет Муратдурдуевпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Қазақстандық боксшы финалға өтіп, Азия чемпионатының алтыны үшін айқасады. Ал Муратдурдуев турнирдің қола жүлдегері атанды.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport