Бокс
Кеше 21:24

Қазақ боксшы АЧ финалы үшін айқаста қарсыласын нокаутқа түсірді

©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Бейбарыс Қойшыбай Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан U15 және U17 жас санаттарындағы Азия чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай финалдағы мерзімінен бұрын жеңіс

U15 санатындағы 43 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Қойшыбай Иордания боксшысы Адам Магбулмен кездесті.

Қазақстандық боксшы алғашқы секундтардан бастап бастаманы өз қолына алып, қарсыласынан айқын басым түсті. Бастапқы раундтың өзінде төреші жекпе-жекті тоқтатып, Бейбарыс техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осы жеңістің арқасында Қойшыбай құрлық чемпионатының финалына жолдама алып, алтынға таласуға мүмкіндік алдыі.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport