Бокс
5 қыркүйек 07:13

Қазақ боксшы ӘЧ-дегі айқаста жігерінің арқасында нағыз камбэк жасады

©ҚР спорт министрлігі

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай 2025 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнир Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр.

90 келіге дейінгі салмақта Сағындық ағылшын боксшысы Айзек Окоумен кездесіп, ерекше ерік-жігер таныту арқасында жеңіске жетті. Бірінші раундта Сағындық 1:4 есебімен жеңілді, алайда келесі екі раундта 3:2 және 5:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Сағындық Тогамбай 2024 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ 2022 жылғы Азия чемпионаты мен Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport