Бокс
7 тамыз 17:53
 

Қазақ боксшы АЧ-де ринг қожайынын есеңгірете сабады

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшы АЧ-де ринг қожайынын есеңгірете сабады ©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Шілдебай Бангкок (Таиланд) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы (U-19 және U-22) Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Шілдебай Бангкок (Таиланд) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы (U-19 және U-22) Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

19 жасқа дейінгілер арасындағы 75 келі самлақта қазақстандық боксшы ринг қожайыны Сангпак Такламен кездесті.

Бірінші раундта Шілдебай қарсыласын нокдаунға түсіріп, үш минуттықта толық басым болды. 

Екінші раундта таиландтық боксшы тағы екі рет нокдаунға түсті, бірақ жекпе-жекті жалғастыра алды. Бұл раунд та Нұрсұлтанның толық басымдығымен аяқталды.

Үшінші раундта төреші айқасты ақыры тоқтатып, Шілдебай техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Нұрсұлтан Шілдебай жартылай финалға жолдама алып, кемі қола жүлдеге жетіп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!