Қазақстандық боксшы Бибарыс Жексен Ливерпуль (Англия) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның қарсыласы Париж Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Абдумалик Халоков болды.
Бірінші раундта төрешілер 5:0 есебімен жеңісті өзбек боксшысына берді. Екінші үш минуттық кезең де Халоковтың пайдасына шешілді. Үшінші раундта Абдумалик қауіпке бармай, қашықтықта жұдырықтасып, жеңісті сақтап қалды.
Осылайша, Абдумалик Халоков жартылай финалға өтіп, кемі қола жүлдеге жетіп отыр. Ал Бибарыс Жексен турнирді ширек финал сатысында аяқтады.