Бокс
11 қыркүйек 08:46
 

Қазақ боксшы ӘЧ-де өзбекстандық Олимпиада чемпионымен жүлдеге таласты

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшы ӘЧ-де өзбекстандық Олимпиада чемпионымен жүлдеге таласты ©

Қазақстандық боксшы Бибарыс Жексен Ливерпуль (Англия) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Бибарыс Жексен Ливерпуль (Англия) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның қарсыласы Париж Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Абдумалик Халоков болды.

Бірінші раундта төрешілер 5:0 есебімен жеңісті өзбек боксшысына берді. Екінші үш минуттық кезең де Халоковтың пайдасына шешілді. Үшінші раундта Абдумалик қауіпке бармай, қашықтықта жұдырықтасып, жеңісті сақтап қалды.

Осылайша, Абдумалик Халоков жартылай финалға өтіп, кемі қола жүлдеге жетіп отыр. Ал Бибарыс Жексен турнирді ширек финал сатысында аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!