Бокс
9 қыркүйек 08:50
 

Қазақ боксшы ӘЧ-де өзбекстандық Олимпиада чемпионымен айқасады

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшы ӘЧ-де өзбекстандық Олимпиада чемпионымен айқасады ©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Бейбарыс Жексен Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Бейбарыс Жексен Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

60 келідегі 1/8 финалда ол үндістандық Сачин Сачинмен жұдырықтасты.

Жекпе-жек төрешілер шешімімен (4:1) Бейбарыстың пайдасына аяқталды (раундтар: 4:1, 4:1, 0:5).

Еске салайық, 1/16 финалда Бейбарыс Жексен филиппиндік Джунмилардо Огайрені жеңген еді. 

Айта кетейік, бұл Бейбарыстың әлем чемпионатына алғашқы қатысуы. Былтыр ол Азия чемпионатының ширек финалына дейін жеткен еді.

Енді әлем біріншілігінің ширек финалында қазақстандық боксшы өзбекстандық Абдумалик Халоковпен кездеседі.

Ал ширек финалдың жеңімпазы әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізеді.

Абдумалик Халоков – Өзбекстанның ең танымал боксшыларының бірі. Ол 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, 2023 жылғы Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, сондай-ақ 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!