Қазақ боксшы АЧ-де өзбекстандық қарсыласын үйіне қайтарды

©olympic.kz

Бүгін, 4 қарашада Аммандағы 2022 жылғы бокстан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

48 келідегі Санжар өзбекстандық Асилбек Джалиловпен жекпе-жек өткізді. Айқас барысында қарсыласын басым болған жерлесіміз жеңіске жетті.

Еске салайық, осыған дейін бүгін Дулат Бекбауов (67 келі) пен Асыланбек Шымбергенов (71 келі) өз қарсыластарын жеңген еді.

Сонымен қатар, Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Назым Қызайбай (50 келі) жеңісті тойласа, Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) жарыстан шығып қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport